Анонсы
20.08.2026 | Команда mystart
СПОРТ - ӘРКІМНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЕМЕС, ҚҰҚЫҒЫ.
Қазақстан Халық партиясы:
• Бұқаралық спорт баршаға қолжетімді болуы тиіс - ата-ананың қаржылық мүмкіндігіне қарамастан, әр бала қолжетімді спорт секцияларына қатыса алуы керек.
• Олимпиадалық емес және бұқаралық спорт түрлерін қолдау - классикалық спорт түрлерінен бастап қазақ күресі, көкпар, альпинизм, бразилиялық джиу-джитсу және басқа да бағыттарға дейін.
• Спорт саласына бөлінетін бюджетті ұлғайту - өйткені ұлт денсаулығы шығын емес, болашаққа салынған инвестиция.
• Тек спортшыларды ғана емес, оларға қолдау көрсететін мамандарды да қолдау - жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді және техникалық қызметкерлерді. Себебі олардың еңбегінсіз ешбір жеңіс болмайды.
• Еліміздің барлық өңірінде инклюзивті спорт секцияларын дамыту. Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз.
Қазақстан Халық партиясының мүшелері - спортпен тұрақты айналысатын, еліміздің түкпір-түкпірінде спорттық іс-шараларға қатысып, оларды ұйымдастырып жүрген белсенді азаматтар. Олардың қатарында Нұрсұлтан Шоканов, Теміржан Абдрахманов, Наиля Темірғали, Мұратбек Маханов, Дамир Дигай және тағы басқа азаматтар бар.